Премьер-Министр Олжас Бектенов Industrial and Commercial Bank of China басқарма төрағасы Лю Цзюньмен кездесу өткізді. Онда инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету перспективалары және ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту мәселелері талқыланды.
Былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы $44 млрд-ты құрап, рекордтық көрсеткішке жетті. 2025 жылдың 4 айы қорытындысы бойынша, өзара сауда көлемі одан әрі өсіп, тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға көбейді.
Бүгінде Қытай Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвесторлардың бестігіне кіреді, жинақталған капитал салымдарының көлемі $26 млрд-қа жетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.