Бұл – 20 жастағы спортшының мансабындағы екінші "Үлкен дулыға" титулы
Коко Гауфф – "Ролан Гаррос" турнирінің чемпионы
490
оқылды

АҚШ теннисшісі Коко Гауфф Францияда өткен "Ролан Гаррос" турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:7, 6:2, 6:4 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Бұл – 20 жастағы спортшының мансабындағы екінші "Үлкен дулыға" титулы. Бұған дейін ол 2023 жылы өз елінде өткен US Open турнирінде топ жарған болатын.

Жеңіс үшін Гауфф 2000 рейтингтік ұпай мен 2 550 000 еуро көлемінде жүлде алды. Финалда жеңілген Соболенко 1 275 000 еуро табысқа ие болды.

Ал жексенбі күні ерлер арасындағы финалда Карлос Алькарас пен Янник Синнер кездеседі. Сонымен қатар, әйелдер арасындағы жұптық сында қазақстандық Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолиниге қарсы өнер көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз