Бурабай көлінің жағасында «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өтті.
Бурабайдағы туристік маусым «Таза Қазақстан» акциясымен басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
211
оқылды

100-ге жуық адам аумақты қоқыстан тазартып шықты.
Шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің жастар және отбасы істері комитеті, Бурабай аудандық әкімдігінің қолдауымен, сондай-ақ Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасының қатысуымен ұйымдастырылды.

Акцияға Astana jastary, «Жасыл ел» республикалық ұйымы мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы қолдау көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.