Сапар барысындағы кездесу аясында Қазақстан Президенті мен Словакия үкіметінің басшысы қазақ-словак серіктестігін кеңейту перспективасын талқылайды.
Словакияның премьер-министрі Роберт Фико Қазақстанға ресми сапармен келеді
Фото: Ашық дереккөзден
275
оқылды

10-11 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Словакия премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді, – деп мәлімдейді Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорда Словакия премьер-министрінің сапары 11 маусымға жоспарланғанын хабарлады.

Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Сапар мақсаты – Астана мен Братислава арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылау, ынтымақтастықты одан әрі арттыру.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.