Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді
214
оқылды

Депутаттардың талқылауына Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің және Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы рес­публикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері ұсынылады. 

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына бай­ланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасы қаралатын болады. Құжат Мем­лекет басшысының тапсырмасын орын­дау мақсатымен депутаттар тарапы­нан әзірленіп, қылмыстық саясатты із­­гі­лендіруге бағытталған. Заң жобасы аза­маттар мен мем­­­­лекеттің қауіпсіздігіне елеулі қауіп төн­дірмейтін қылмыстар жа­саған адамдарды қыл­мыстық жауап­кер­шіліктен немесе жаза­дан босатуды көз­дейді. Рақымшылық қылмыстық құ­­­­қықбұзушылықтар мен аса ауыр емес қылмыс, сондай-ақ ауырлығы ор­таша қылмыс жасаған адамдарға залал кел­меген немесе ол толық өтелген жағдайда ұсынылады. Сонымен қатар залалдың немесе азаматтық талаптың болуына қара­мастан ауырлығы орташа қылмыс жасаған азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына қолданылуы мүмкін. 

Жалпы отырыстың күн тәртібінің жо­ба­сында «Қазақстан Республикасы­ның кей­бір заңнамалық актілеріне қар­жы на­рығын дамыту, қаржылық көрсеті­ле­тін қызметтерді тұтынушылардың құқық­та­рын қорғау, байланыс және артық заң­намалық регламенттеуді  болғызбау мә­селелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу  туралы» заңының Сенат жаңа редакцияда ұсынған жекелеген баптары бар.