рекше қажеттілігі бар адамдардың тұрмысын жақсарту – партияның сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі. «AMANAT» партиясы бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізуде. Инклюзивті саясат тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы «AMANAT» партиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың инклюзиясы жөніндегі республикалық кеңес отырысында талқыланды.
Инклюзивті қоғамға қадам
170
оқылды

Мәжіліс депутаты Наталья Де­ментьева атап өткендей, бірінші кезекте қолжетімді, жайлы әрі шынайы инклюзивті әлеуметтік орта құрып, ерекше қажеттілігі бар балалар мен ересектердің тұрмысын жақсарту қажет. Инклюзия сала­сындағы мамандарды даярлауға, мүгедектігі бар адамдарға ар­налған әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ партияның сайлауал­ды бағдарламасында көзделгендей, оңал­тудың тех­никалық құрал-жабдықтар пар­кін құруға және дамытуға ерекше назар аудару керек.

Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев бүгінге дейін жүзеге асы­рылған негізгі бастамаларға тоқ­талды. Олардың қатарында – оңалту мекемелерінде жан басына шақ­қандағы қаржыландыруды енгізу, өндірісте зардап шеккен адамдардың әлеуметтік кепіл­діктерін қайта қарау, БҰҰ Конвенциясына сәйкес, мүгедектердің құқығы туралы тер­минологияны жаңарту сынды жұмыстар атқарылды. Инватакси қызметін реттеу жұмысына түзетулер енгізілуде. Мәселен, инватакси ақысын әлеуметтік қызметтер пор­талы арқылы төлеу мүмкіндігі назарға алынды. 

Мүмкіндігі шектеулі азаматт­ар­ға қалалық ортаның қолжетімді­лігін бағалау жұмысының жаңа тәсілдері әзірленуде. Болашақта мұндай бағалау қызметін тәуелсіз сараптамалық ұйымдарға беру жоспарланып отыр. Бұл қадам бағалау жұмысының шынайылы­ғы мен сапасын арттыруға тиіс. Сонымен қатар арнайы әлеуметтік қызметтер стандарты жаңарты­лып, медицина, білім беру, мәдениет және спорт салаларын қамтитын «Социум» цифрлық жүйесі енгі­зілуде.

«Арнайы қызмет көрсететін мекемелерді лицензиялауға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде 91 мыңнан астам адам көмек алатын ұйым­дардың 95%-ында лицензия бар. Оңалту жұмысының цифрлық күн­делігі енгізілуде. Бұл қадам ата-аналарға көп мүмкіндік береді. Яғни, олар маман­дардың қашық­тан көмек көрсетуі арқылы бала­ла­рын оңалта алады. Пилоттық жо­ба төрт өңірде жүзеге асырылуда», – деді Асқарбек Ертаев.

Сондай-ақ курортта емделу қол­жетімсіздігі, маусымдық шек­теулер мен білікті мамандар же­тіспеушілігі мә­селелері тал­қыланды. Техникалық құралдарды жалға беру моделін енгізу қарас­тырылуда. Бұл қадам оның сенім­ді­лігін арттыруға және уақтылы ауыс­тыру жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жұмыс орындарын квоталау тәсілдері, мүге­дектігі бар адам­дардың жұмысқа орна­ласуы­на жағдай жасамайтын жұмыс бе­ру­шілерге өтемақы жарналарын ен­гізу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұған қоса, осы саладағы квази­мемлекеттік сектор мен жүйе құ­раушы кәсіп­орын­дардың жауап­кершілігін кү­шейту бо­йынша жұмыс жүргізілуде.

«Оны бір жиналыс аясында қарастыру мүмкін емес. Көп проб­лема бар. Қайталап айтайын: оларды шешу үшін кешенді тәсіл керек. Бір ведомствоның емес, барлық министрліктің қатысуы, сондай-ақ азаматтық қоғамның белсенді атса­лысуы қажет», – деп түйіндеді Наталья Дементьева.