Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветери­нариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Респуб­ликалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құ­қығындағы респуб­ликалық мемлекеттік кәсіпорны (әрі қарай Кәсіпорын) бос орынға орналасуға сұхбаттасу өте­тінін жариялайды:
Бос орынға орналасуға сұхбаттасу өтеді
www.istockphoto.com
130
оқылды

– Кәсіпорын бас директорының өндірістік қызмет жөніндегі орын­басары;

Үміткерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі құжаттарды тапсыруға тиіс:

1) қоса берілген құжаттардың тізбесімен бірге сұхбаттасуға қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландырушы құжатың көшірмесі;

3) фотосымен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме (нақты тұратын мекенжайлары мен байланыс телефондары көрсетілген;

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қа­былданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері.;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны ту­ралы мәліметтер­­­дің бар не жоқ екендігі туралы анық­тама;

Аталған құжаттардың біреуі болмай қалған жағ­дайда, сұхбаттасуға қатысушының құжаттарын қа­был­даудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Үміткерлерге келесі біліктілік талаптары қойылады:

1) Мамандығы бойынша жоғары (немесе жо­ғары оқу орны­нан кейінгі) білім: ветеринараия (ве­тери­нариялық медицина, ветеринариялық са­нитария);

2) Еңбек өтілі басқару лауазымында 5 жылдан кем емес;

3) Зертханалық менеджментті, ветеринариялық заңнама­сын білуі;

4) Компьютерде және өзге де оргтехникалармен жұмыс іс­тей білуі;

5) Мемлекеттік және орыс тілдерін білуі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 13:00-ге дейін және 14:00-ден бастап 18:00-ге дейін, Астана қ-сы, Республика даңғылы, 50/1, 1- қабат, 109 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады, байланыс телефоны, факс 8(7172) 91-61-24, 91-61-14, 91-61-13, эл.пошта: odo-rvl.ast@mail.ru.