Мемлекеттік инспекторларға қауіпті еңбек жағдайлары кезінде кәсіпорындардың қызметін тоқтата тұру құқығы беріледі. Бұл туралы өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек саласын толық цифрландыру, Қазақстанға келетін туристерге қолайлы жағдайлар жасау тақырыбында өткен Үкімет отырысында айтылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру шеңберінде инспекциялық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа шаралар әзірленуде.
Атап айтқанда, тексеру жүргізу туралы жұмыс берушілерді міндетті түрде хабардар етуден бас тарту ұсынылады. Сондай-ақ жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде кәсіпорындардың жұмысын тоқтата тұру бойынша өкілеттіктер беру жоспарлануда.
Сонымен қатар жоспардан тыс тексерулер кезінде тексеру парақтарын толтырудан бас тарту ұсынылады, бұл бұзушылықтарды анықтау процесін жеңілдетіп, жеделдетуі керек.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.