Сот актісі заңды күшіне енді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы сотталды
Фото: istockphoto
465
оқылды

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А. Өсербаевты соттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Антикорға сілтеме жасап.

Ол Suberpro-com ЖШС өкілінің церебралдық сал ауруы диагнозы қойылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шарт жасасуға жәрдемдесу сылтауымен 3,6 млн теңге сомасында ақша қаражатын жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Өсербаевқа мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 27 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енді.