Актер Нұржан Төлендиев шығармашылық жолындағы жоспарларымен бөлісті.
"Басы бар, аяғы бар жақсы дүние болса...": Нұржан Төлендиев қазақ киносын сынады
221
оқылды

Алдараспан театрының жетекшісі, актері Нұржан Төлендиев шығармашылық жолындағы жоспарларымен бөлісе отырып, киноға түсуге сценарийлерді қарап жатқанын айтты, - деп хабарлайды Aiken.kz сайты. Әртіс Бауыржан Тәңірбергенмен бірге Қызық Times бағдарламасына қатысып, әңгімелескен болатын.

Құдай қаласа. Әзір дайын емес секілдімін. Ең жаманы, штамп деген бар. Бір рөлдің екінші рөлге ұқсап кетуі. Қазақ киносына жалпы ризамын. Бұрын тек шетелдік киноларға баратын едік. Апта сайын қазір қазақ кинолары шығып жатыр. Алла бұйыртса, киноға түсемін деген арманым бар. Көңілімнен шығатын жақсы сценарий болмай жатыр. Басы бар, аяғы бар жақсы дүние болса түсеміз,  деді актер.