Вагондар стансада 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған сынақтық іске қосу жұмыстарына дейін тұрады.
Астанада LRT-ның алғашқы вагондары рельске шығарылды (видео)
803
оқылды

Астанада №101 стансасында екі вагоннан тұратын жеңіл рельсті көлік (LRT) құрамын көтеру жұмыстары сәтті жүргізілді. Құрамды көтеру барлық техникалық және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, штаттық режимде өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құрамды көтеру – LRT жүйесін салу аясындағы жоспарлы шаралардың бір бөлігі. Вагондар стансада 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған сынақтық іске қосу жұмыстарына дейін тұрады.

«LRT жобасын іске асыру – заманауи қалалық көлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың мобильділігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Алғашқы құрамды көтеру – жобаны жүзеге асырудағы маңызды кезең. Біз жұмыс кестесіне сай алға жылжып келеміз, алдағы күзде LRT жүйесінің сынақ жұмыстарын бастаймыз», – деді  City Transportation Systems  ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.