Сәкен Майғазиевтің тойын онлайн көретіндер қатары көбейіп жатыр, – деп жазды Аikyn.kz.
Тойды тікелей эфирден көретіндер саны 115, 225 адам, каналға қосылушылар қатары артып, тізім ары қарай жалғасып жатыр. Ақылы түрде жазылған адам саны – 8743. Бұл дегеніміз, таза табыс шамамен 12 миллион теңге болады.
Желі қолданушылары бұған таңданысын жасырмады.
«Голливудты басып озды ғой», «Оданда біреуге үй әпермей ме», «Масқара, біз де той жасап, ақша табайық», «Той құтты болсын», - деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.