Елімізде бейсенбі, 12 маусымда ауа райы күрт бұзылады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Ал кейбір аймақтарда аптап ыстық болады.
Тек еліміздің шығысында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республикамыздың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында нөсер жаңбыр болады, солтүстік-батыста, орталықта бұршақ түседі. Республикамыз бойынша желдің күшейетіні болжанады, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Жетісу, Абай, Алматы облыстарында, БҚО-да, Атырау облысында +35...+38°С қатты ыстық болады деп болжанады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.