Ay Yola тобы көпшілікке Homay әнімен танылды.
Ay Yola  тобы Маңғыстауда бейнебаян түсірді
Фото: видеодан кадр
162
оқылды

Этно-поп стилінде ән айтатын башқұрттың  Ay Yola  тобы Маңғыстау жерінде бейнебаян түсірді, – деп хабарлайды Аikyn.kz. 

Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, бейнебаян түсіру жұмыстары Бозжыра, Қызылкүп, Боқты, Торыштың жерінде өткен.

 Ay Yola  тобы өңір туризмін дамыту үшін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың шақыртуымен арнайы келді. 

Топ мүшелерінің айтуынша, Маңғыстау жерінде  Yola  әніне түсірілген бейнебаян 13 маусым күні жарыққа шығады. Өнерпаздар аталған әнге бейнебаян түсіруді Қазақстанмен шектеліп қалмай, Өзбекстан, Якутия, Башқұртстанда да түсірген. 

Айта кетсек, башқұрттың  Ay Yola  тобы көпшілікке  Homay  әнімен танылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.