Ол бұл туралы zhaloby.astana атты Instagram парақшасына жариялады.
«Дәретхананы бір жыл бойы жумаған, ұят!»: жолаушы Астана-Арқалық пойызындағы вагонның ластығына шағымданды
506
оқылды

655 ТД пойызымен Астана-Арқалық жолындағы жолаушының бірі әлеуметтік желілерде сапарының сапар болмай, есігі жабылмайтын, терезесі істемейтін, салқындатқышы жоқ, жағымсыз иісі аңқыған әрі лас вагонды сынға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол бұл туралы zhaloby.astana атты Instagram парақшасына жариялады. Оның айтуынша, таңғы салқыннан вагон іші суып кеткені соншалық, жолаушылар терезені жаба алмаған. Жолсерік  болса, бұл жағдайда ешқандай әрекет жасамаған.

– Ұят, ұят! Вагон іші лас, есіктері жабылмайды, дәретханасы бір жыл бойы жуылмаған, үстелдің үсті қап-қара кір, ыстықтан қақталып келдік, кондиционер деген атымен жоқ. Олар сонда ақшаны не үшін алып отыр?, – деп ашуланған жолаушы ендігі де бұл пойызға, әсіресе 13-вагонға билет алмауға кеңес берді.

Билет бағасы қымбаттағанымен, соған сай жағдай жасалмағынан да сөз етті.

«Билетті қымбатқа алғанымды қайтейін, түкке тұрғысыз тәпішке мен тіс щеткасын қойып қойған», – деді ол.

Жолаушының шағымына «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұлттық тасымалдаушысы бұл пойызға  KazRail  ЖШС жеке компаниясы қызмет көрсететінін және ҚТЖ құрылымдарына қатысы жоқ екенін хабарлады.

«Бүгінде еліміздің жолаушылар тасымалы нарығында 14 жеке компания жұмыс істейді. Олардың қызметін ҚР Көлік министрлігі реттейді» деп ҚТЖ түсіндіріп, шағымды тікелей ведомствоға жіберуге кеңес берді.

Артынан  KazRail  ЖШС бұл оқиғаға жауап берді. Компания жолаушыдан кешірім сұрап, демалыс күндері сұраныстың артуына байланысты 13-вагонның қосымша құрамға енгізілгенін хабарлады.

– Бұл вагон негізінен резервте тұр. Тек қатты қажеттілік кезде пайдаланылады. Ол вагон кондиционермен жабдықталмаған. Оның құрылымында ондай нәрсе қарастырылмаған. Дегенмен  пойыздың негізгі құрамы жаңғыртудан өтіп, заманауи талаптарға сай келеді, – делінген компания хабарламасында.

Ал вагонның ластығы мен жағымсыз иісіне байланысты шағымға өз ішінде тексеру жүргізетіне уәде берді. Қызмет көрсетуші персонал, яғни жолсеріктер мен пойыз бастығына қатаң тәртіптік шаралар қолданылатынын жеткізді. Оған қоса, резервтік вагондарда да санитарлық бақылау күшейтетінін сендірді компания.

Әлеуметтік желілерде еліміздегі пойыздардың мүшкіл жағдайына шағымданып, пікір білдірушілердің арасында қызу талқыға түсіп кетті.

«Астана-Жезқазған, 108-пойызында да дәл осындай жағдай», «Жезқазғанға жиі жүремін. 80 пайызы осындай вагондар кездеседі. Ал жолсеріктері де бұрынғыдай емес...», «Мемлекет бәрін жекеменшік иелеріне сатты, бірақ бақылау жоқ. Оларға тек ақша керек, ал жаңа вагондар сатып алынбайды!» және т.б.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АСТАНА | ЖАЛОБЫ |  ОТЗЫВЫ 🌐🔝🗨️ (@zhaloby.astana)