Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Астанаға ресми сапармен келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді.



Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды.



Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті.


