Қазір иттер АҚШ-та өз иелерінің жанында ойнап, көлде шомылып жүр.
Шымкенттегі екі қаңғыбас итті америкалықтар асырап алды
486
оқылды

Шымкенттегі аулау пунктінен құтқарылған Ириска мен Теа есімді екі ит АҚШ-та жаңа иелерін тапты,  деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты. Бұл туралы vera.kz жариялады.  

Теа мен Ирисканы бұрынғы иелері қараусыз қалдырған. Салдарынан ит аулау пунктіне 2024 жылдың жазында түскен. Ал ол жерде иттерге екпе салып, ұйықтатып тастайтыны белгілі. Ескі аулау орнында еріктілерге иттерді фото мен видеоға түсіруге рұқсат берген. Теаның «тез арада құтқарыңыздаршы» деп аянышты иттің бейнесін Instagram-да жария еткеннен кейін баз біреулер алған.

Волонтер Альбина Низамиеваның айтуынша, ит аулау орны ескіргендіктен, жаңа жерге көшкен.

– Жаңа жерге бәрі бірдей жете алмайтынын түсіндік, содан қолымыздан келгенше иттің көбісін алып шығуға тырыстық. Әуелі өте ауыр халдегі иттерді жібердік. Ириска ахуалы нашар еді, оны дереу клиникаға жібердік. Стационарда үш аптадан артық жатты. Кейін уақытша үйге ауысып, емделіп, күтім көріп, қалпына келді, – деді Альбина.

Осыдан кейін 13 итті Мәскеуде қабылдауға дайын болды. Олардың арасында Теа мен Ириска да бар. Мәскеуден кейін екеуі одан әрі АҚШ-тағы иелеріне жеткізілуі тиіс. Енді еріктілерге құжаттарды рәсімдеу ғана қалды.

– Сырт көзге түкке тұрғысыз дүние болуы мүмкін. Десе де, қателік кетті, 13 ит бірдей далада қалу қаупі бар. Оған қоса, заң бойынша бір адам екі иттен артық  алмауы тиіс. Достарымнан көмек сұрап, соның арқасында бір күнде барлық итке ветеринарлық сертификаттарды алдық, – дейді ол.

Қазір өлім аузынан қалған иттер АҚШ-та өз иелерінің жанында ойнап, көлде шомылып жүр.

– Біз осы құтқару жұмыстарына атсалысқан барша жанға: аулау орнына барып жүрген, қиын сәтте иттерді уақытша асырап алған, Мәскеуде қарсы алып, шекарадан өткізуге көмектескен жандарға мың алғыс. Ирисканың көлде шомылып жүрген видеосын көріп отырып, бұл істеген істеріміздің бекер болмағанын түсінеміз. Бүкіл күш-жігеріміз зая кетпеді, – дейді Альбина.