Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне қақалып, көз жұмды, - деп хабарлайды Аikyn.kz. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 13 маусым күні болған.
"Бірлік шағынауданында екі жасар бала күнбағыс дәніне қақалып, көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді", – делінген ведомство хабарламасында.
Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.