Патрульдік полицейлер уақытты жоғалтпастан, шұғыл шаралар қабылдап, жедел жәрдем шақырып, ол келгенге дейін жүргізушіге алғашқы көмек көрсетті.
Полицейлер жағдайы күрт нашарлаған жүргізушіге көмектесті (видео)
Фото: polisia.kz
421
оқылды

Түркістан облысында полиция қызметкерлері жағдайы күрт нашарлаған жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Патрульдік полиция қызметкерлері Алматы-Ташкент-Термез республикалық маңызы бар автожолында қызмет атқару кезінде 608 шақырымда жол жиегінде тоқтап тұрған жүк көлігін байқаған. Жүргізушіден жағдай сұрастырған полицейлер Ахмедияр Ақылбаев пен Абзал Бейсенов, ер адамның денсаулығы күрт нашарлағанын анықтады.

Содан патрульдік полицейлер уақытты жоғалтпастан, шұғыл шаралар қабылдап, жедел жәрдем шақырып, ол келгенге дейін жүргізушіге алғашқы көмек көрсетті.

Жүк көлігін жақын маңдағы автотұраққа жеткізіп, жүргізушіні ауруханаға апарды. Кейінірек полицейлер жүргізушіге барып, оның жағдайы жақсарғанын білді. Ол тәртіп сақшыларына көрсеткен қамқорлығы мен көмегі үшін үлкен алғысын жаудырды.