Қалыптасқан құрғақ және ыстық ауа райына байланысты Шығыс Қазақстан облысының аумағында төтенше өрт қаупі сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар мен орманшылар орман аймағында рейдтерді күшейтті.
Шығыс Қазақстанда өрттің алдын алу мақсатында 52 мобильді топ жұмыс істейді. Құтқарушылар бөлімшелері полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп 390 жуық профилактикалық рейд өткізді, соның нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылардың 73 әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Облыста өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде 48 өрт сөндіру бекеті және 9 ерікті құралым құрылды.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Ерекше өртке қарсы режимнің қолданылу кезеңінде ормандарда болуды шектеу.