Құтқарушылар жедел түрде суға түсіп, азаматты жағаға алып шықты.
Құтқарушылар өзенге батып кете жаздаған адамды аман алып қалды
521
оқылды

ТЖМ құтқарушылары ағыс бойымен батып бара жатқан ер адамды аман алып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін Абай облысы ТЖМ қызметкерлері  68303 ә/б Ертіс өзенінің су айдынын патрульдеу кезінде 24 жастағы ер адамның суға батып бара жатқанын байқаған.

Құтқарушылар жедел түрде суға түсіп, азаматты жағаға алып шықты.

Белгілі болғандай, ер адам өзеннен өтпек болып, сүрініп суға құлаған. Медициналық көмек қажет болмады.