QazaqGaz Ұлттық компаниясының құрамына кіретін «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Шымкент» магистральдық газ құбырлары басқармасы Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы газ инфрақұрылымы нысандарына арналған баспасөз турын ұйымдастырды. Басты мақсат – магистральдық газ желісі бойында белгіленген қауіпсіздік және күзет аймақтарының маңыздылығын БАҚ өкілдері арқылы жұртшылыққа кеңінен түсіндіру.
Қауіпсіздіктің басты шарты – қатаң тәртіп
325
оқылды

«Шымкент» МГҚБ магист­ра­ль­дық газ құбырларын пайда­лану­мен және табиғи газ тасымалымен ай­налысады. Бұл – адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тіке­лей әсері бар аса жауапты сала. Сон­дықтан мұнда адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, сон­дай-ақ қоршаған орта мен газ құ­бырларының қауіпсіздігін қам­тамасыз ету оңай емес. 

Бүгінде Шымкент қаласы мен Түр­кістан облысының аумағында жал­пы ұзындығы шамамен 2,5 мың шақырымға жуық ма­гист­ра­ль­дық газ құбырлары бар. Бұл же­лі­­лер арқылы «БГА–ТБА», «Газ­лы – Шымкент», «Қазақстан–Қы­тай», «Бейнеу – Бозой – Шым­кент» секілді ірі газ құбырлары өтеді.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шым­кент» магистральдық газ құ­­быры басқармасының дирек­то­ры Сәкен Исмайловтың ай­туын­ша, күзет аймақтарын белгілеу – аза­маттардың өмірін, газ жүйе­­­­лерінің қауіпсіздігін қамта­ма­сыз етудің ең тиімді тетігі.

– «Магистральдық құбыр ту­ра­лы» ҚР заңына сәйкес, газ құ­быр­лары мен оларға тиесілі ны­сан­дардың айналасында күзет ай­мақ­тары белгіленеді. Мәселен, ма­гистральдық құбыр осінен екі жақ­қа қарай 50 метрден, комп­рес­сор­лық және газ тарату станса­ларынан 100 метрге дейінгі аралық күзет аймағы болып саналады. Ал кей­бір нысандардың санатына бай­ланысты бұл аралық 150-ден 350 метрге дейін ұлғаюы мүмкін. Мұн­дай аумақтарда кез келген құ­рылыс немесе жер қазу жұ­мыс­тары заңмен тыйым салынады. Бұл – ең алдымен халықтың қауіп­сіздігі үшін қажет, – дейді бас­қарма ди­рек­торы.

Күзет аймақтарында арнайы та­нымдық белгілер, ақпараттық ба­ғандар мен километрлік көрсет­кіштер орнатылып, ашық түспен бел­гіленген. Олар газ құбыры өте­т­ін жерлерді нақты көрсетіп, сырт көз­ге бірден байқалатындай етіп жа­салған.

Шымкенттің қайнаған орта­лығынан он шақырым қашықтық­та қаланың шетінде қыраттар мен егістік алқаптардың арасында АГТС 50 – автоматтандырылған газ тарату стансасы орналасқан. Қа­­таң қоршау, өртке қарсы жолақ­тар мен тыйым салынған белгілер бұл нысанның маңызын айқын­дай­ды. Бір метрдей тереңдікте жат­қан магистральдық газ құбыры қосымша қорғау құралдарымен жабдықталған.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» МГҚБ бас инженері Жан­дос Сәденов газ құбырларын фи­зикалық әсерден – газдың ағып кетуі, жарылыс немесе өрт шығу қау­пінен қорғауда күзет ай­мақ­та­рының маңызды рөл атқараты­ны­на ерекше тоқталды.

Газ құбырлары ауыл шаруашы­лығы жерлерінен өткен жағдайда да қауіпсіздік ережелері қатаң сақталуы тиіс. Бұл жерлерде күзет ай­мағы – құбыр осінен екі жаққа қарай 25 метрден белгіленеді.

– Мұндай аумақтарда бір жыл­дық дақылдар мен көкөністерді егуге рұқсат беріледі, бірақ жер жыр­ту тереңдігі 35 см-ден аспауы ке­рек. Ал көпжылдық ағаштар мен бұталарды отырғызуға тыйым салынады. Егер бұл аумақтарда ир­ригациялық немесе гидроме­лио­ративтік жұмыстар жүргізілуі керек болса, онда олар «Интергаз Орта­лық Азия» мамандарымен келі­сіл­ген­нен кейін ғана жүзеге асы­ры­лады, – деді Жандос Сәденов.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ газ тасымалдау жүйесінің объек­ті­лері қауіптілігі жоғары аймақ бо­лып табылатынын еске салады. Қауіп­сіздік ережелерін сақтау – тұ­­тынушыға газ жеткізудегі маңыз­­­ды шарт. Кез келген заңсыз әре­кеттер газ құбырларының қа­лып­­ты жұмысын бұзып, газ беруді тоқ­татуға әкелуі мүмкін. Қауіп­сіз­дікті қамтамасыз ету үшін ха­лық газ құбырларының күзет аймақ­тары мен ең аз арақашықтық ай­мақ­тарын қатаң сақтаулары қажет, бұл өздерін және мүліктерін қор­ғауға мүмкіндік береді.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы