Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында «AMANAT» партиясы қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кеңауқымды «Таза бейсенбі» экологиялық бастамасын жүйелі түрде жалғастырып келеді.
Қоршаған ортаны қорғауды дағдыға айналдыру керек
358
оқылды

Шымкент қаласында бұл жол­ғы акция Қаратау ауданында өтті. Қа­лалық және аудандық партия фи­лиалдарының өкілдері, «Жастар Рухы» жастар қанаты мен ком­му­нал­дық қызмет мамандарынан құ­­­рал­ған 70-тен астам адам көп­қа­бат­ты үйлердің аулаларын қоқыс­тан тазартып, арамшөптерді ша­уып, қураған бұтақтарды кесіп рет­ке келтірді. Жыл басынан бері шаһардан 17 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 2 000-нан аса адам ак­цияға белсене қатысты.

Батыс Қазақстан облысының Те­ректі ауылында жаңа тоған жаға­лауы қоқыстан тазартылды. «Фе­до­ров­ка» бастауыш партия ұйы­мы­ның белсенділері экологияны сақ­тауға сүбелі үлес қосты.

Түркістан облысының Түлкібас ау­данында, Т.Рысқұлов ауылының Күн­шуақ шағын ауданында ауқым­ды тазарту жұмыстары өтті. Аудан­дық филиалдың бастамасымен және коммуналдық қызметтердің қол­д­ауымен көше, аула, балалар алаңдары тазартылып, иррига­ция­лық каналдар ретке келтірілді, ағаш­­­тар кесіліп, жалпы бір тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 

Ұлытау облысында өткен ак­ция­ға аудандық партия филиа­лы­ның қызметкерлері, «Жасыл ел» жә­не бастауыш партия ұйымдардың өкіл­дері қатысты. Қоғамдық кеңіс­тік­тер тазартылып, ағаштар отыр­ғы­зылып, гүлзарлар абаттанды­рыл­ды. Филиалдың атқарушы хат­­шысы Думан Жұмановтың айтуынша, мұн­дай шараларды жүйелі өткізу ай­мақтағы қоқыс көлемінің азаюы­на әсер етіп отыр.

Маңғыстау облысында Қарақия ау­данының Жетібай ауылында өт­кен іс-шара барысында комму­нал­дық қызметтердің көмегімен қоқыс үйінділері мен құрылыс қалдық­тары тазартылды.

Ақмола облысының Аршалы ау­данындағы Анар және Анаркөл ауыл­дарында жергілікті тұрғындар шөп шауып, ақпараттық стендтерді жаңартып, ғимараттардың сыртын ақтап, айналаны қоқыстан тазарт­ты. Іс-шараға ауыл жастары да бел­сене атсалысты.

Шығыс Қазақстан облысының Бұқ­тырма кентінде өткен «Таза бей­сенбіге» Алтай аудандық партия филиалының өкілдері қатысты. 60-тан астам тұрғын, еріктілер мен жас­тар орталық көшелер мен ск­вер­­лерді тазартып, көгалдандыру жұ­­мыстарын жүргізді. Бұл өңірде «Таза бейсенбі» игі дәстүрге айна­лып, туған жерге деген қамқор­лық­тың көрінісіне айналып отыр.

Жамбыл облысында партияның Жамбыл аудандық филиалы Аса ауылы маңындағы өзен жаға­лауын­да тазалық жұмыстарын ұйым­дас­тырды. Пластик қалдықтар, бө­тел­келер мен тұрмыстық қоқыстар жи­налды. Бұл іс-шара тек тазалық жұ­мысы ғана емес, жас буын үшін эко­логиялық жауапкершілік саба­ғы болды.

Қарағанды облысының Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылындағы Шор­танбай жырау көшесінде өт­кен акция барысында белсенділер жол жиегіндегі бордюрлерді ақтап, қоқыс жинады. 

Атырау облысының Исатай ау­да­нындағы Аққыстау ауылында игі бастама аясында аудандық филиал ғимараты мен маңайы тазаланып, ретке келтірілді. Ұйымдастыру­шы­лар мұндай іс-шаралардың таби­ғат­қа ұқыпты қарауға баулу мен эко­логиялық ойлауды дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.

«AMANAT» партиясы эко­ло­гиялық мәдениетті күнделікті өмір­­­дің ажырамас бөлігіне айнал­дыру үшін «Таза бейсенбі» бастама­сын одан әрі қолдап, жүйелі түрде жал­ғастыра береді.

Айта кетейік, 2025 жылдың ал­­ғашқы алты айында «Таза бей­сенбі» ак­циясы аясында еліміздің барлық өңірінде 20 аса тазалық шарасы ұйым­дастырылды. Осы уақыт ара­лығында 600-ден астам ластанған аумақ – саябақтар, сквер­лер, өзен-көл жағалаулары, тари­хи-мәдени нысандар тазар­тылды. Акцияға 14 мыңға жуық адам қатысып, 2 мың тон­надан ас­там қоқыс жиналып, қайта өң­деу­ге жіберілді.

 

Н.ОРАЗҒАЛИЕВ