Ақмола облысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылған AQMOLA индустриялық аймағының ашылу рәсімі өтті. Жалпы құны 1 трлн 124 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобалар аясында 4 652 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Өндірістің жаңа өзегі – Aqmola
203
оқылды

Облыс әкімі Марат Ахметжа­нов AQMOLA өңірдің ғана емес, елор­да маңындағы аумақтың да өн­дірістік әлеуетін арттыруға ба­ғытталған маңызды жоба екенін айтты. 

«Аймақ аумағында Қытай, Түркия және Қазақстан инвес­тор­лары 7 ірі жобаны іске асыр­мақ. Атап айтқанда, Dalian Hesheng Holdings компаниясының би­дайды терең өңдеу зауыты, «Terracottas» Astana Ceramic клин­кер зауыты, YDA Group агро­­­­химиялық кешені, «Қазақ мұнай және газ институты» сұйы­тылған табиғи газ зауыты және та­ғы басқа маңызды кәсіпорын­дар бар», – деді Марат Ахметжа­нов.

Іс-шараға Ауыл шаруашы­лығы министрі Айдарбек Сапаров қатысып, инвесторлар өз жоба­ла­рын таныстырды. Атап айтқан­да, YDA компаниясының техно­ло­гиялық серіктес өкілі бес ба­­­­ғытта дәрі-дәрмек өндірмек жә­не бұл жобаға 230 млн доллар көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр. Сондай-ақ индус-

т­рия­лық аймақта жүзеге асатын жо­баның бірі – құрылыс индус-т­рия­сына тың серпін беретін үш зауыт­тан тұратын кешен. Бұл жо­баны іске асырып жатқан ин­весторлардың 75 пайызы Син­гапур­дан, 25 пайызы Қытайдан кел­ген. Компания өкілі Талғат Ләз­зятұлының айтуынша, кірпіш зауы­ты, алюминий,  есік-терезе өн­дірісі және су өткізбейтін құ­ры­лыс материалдарын шы­ға­ра­тын рулон өнімдері бір кешенде то­ғысады.

«Жалпы, 130 адамды жұ­мыс­пен қамтимыз. Зауыттар соңғы тех­нологиямен жабдықталады, яғ­ни аз адаммен көбірек өнім шы­ғару мүмкіндігі бар. Басты мақ­сатымыз – сапалы отандық өнім­ді нарыққа шығару»,  – дейді Тал­ғат Ләззятұлы. 

Инвесторлардың Ақмола өңі­ріне қызығушылығының басты се­бептері ретінде елордаға жақын орналасуы, логистикалық тұрғы­да тиімділігі және жергілікті әкім­дік­тің бизнесті қолдау жа­ғынан ашық­тығы аталды. 

Ауқымды жобалардың шо­ғыр­лануы AQMOLA индустрия­лық аймағын ел экономи­ка­сының маңызды тіректерінің біріне ай­налдырмақ. Инвести­ция­ның кө­лемі мен жобалардың бағыты – өңір­дің өндірістік әлеуе­тін арт­­­­тыруға зор мүмкіндік береді.

Баян МАХСЕТ, ЕҰУ студенті