Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды
Электрондық саудаға қатысты заң жобасын қарайды
196
оқылды

Депутаттар алдағы жалпы отырыста 2017 жыл ғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау ту ралы заң жобасын қарайтын болады. Хаттамада сыртқы электрондық сауданы реттеуге қатысты ережелер қарастырылған. Соның ішінде, кедендік реттеу саласындағы жаңа қызмет түрін – электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау және сақтау про цесін қамтамасыз ете отырып, интернет алаң дарымен және кеден органдарымен зара іс-әрекетті жүзеге асыратын электрондық сауда операторын құру көзделуде. Жалпы отырыста Мәжілістің комитеттері нотариаттық қызмет мәселелері туралы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде радиоактивті материалдарды транс екаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы жаңа заң жобасын жұмысқа алады.