Бүгін Ақмола облысының құтқарушылары кезекті рет Бурабай ауданындағы Көкшетау тауына көтерілді. Бұл жолы олар көмекке мұқтаж болған турист әйелді құтқарды.
Әйел адам тауда серуендеп жүріп жарақат алып, бағытынан жаңылып кеткен. Жағдайының ауырлығына байланысты өз бетімен төмен түсе алмаған. Құтқарушылар дер кезінде көмекке келіп, оны қауіпсіз жерге түсіріп, жедел жәрдем қызметіне тапсырды.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Қажет жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керек.