Көп өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде бұл құбылыс жиі байқалады.
Солтүстік пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді деп күтілуде.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының бірнеше аймағында өрт шығу қаупі жоғары болады.
Қызылорда облысында аптап 40 градусқа дейін барады.
Жетісу облысында 36 градусқа дейін ыстық болады.
Ал Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстанда күн 35 градусқа дейін ысиды.
Астана қаласында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ауа температурасы +25...+27°C шамасында.
Алматы қаласында күн ала бұлтты, ауа температурасы +30...+32°C болады.
Шымкент қаласында күн ала бұлтты, ауа температурасы +35...+37°C ыстық болады деп күтілуде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.