Алматыда қоғамдық көлік жүйесін дамыту және экологиялық ахуалды жақсарту аясында қала автобустары жаңартылып жатыр.
Алматыда  Skywell  маркалы электр автобустары жолаушы тасымалдайды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
559
оқылды

 City Bus  жекеменшік автопаркі  Skywell маркалы электр автобустарын сатып алды. Бұл жөнінде Алматы қаласының Мобильділік басқармасы мәлімдеді.

Жолаушылар тасымалдауға арналған төмен еденді, кең сыйымдылықты электр автобустар бір қуатпен 400 шақырымға дейін жүре алады. Олар дыбыссыз қозғалады, бейнебақылау камералары, кондиционер, USB-қуаттағыш порттары, жүргізушіні бақылау жүйесі және өзге де заманауи жүйелермен жабдықталған.

Жаңа автобустар 2025 жылы 22 маусымнан бастап №19 бағыт бойынша, яғни «Нұркент тұрғын үй кешені – Алматы көшесі» аралығында жолаушы тасымалдай бастайды. Сонымен қатар бұл бағыттағы жолға шығатын автобустар саны 16-дан 18-ге дейін арттырылмақ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.