Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында "Ажырасқан әйел жалғыз ұзақ жүрсе, еркек жынмен төсектес болады" деген пікірін жариялады, – деп хабарлады Аikyn.kz.
Оның айтуынша, ажырасқан әйел некесіз ұзақ жүріп қалса, жын оған тыныштық бермейді.
«Ислам бойынша егер ажырасқан әйел үш ай немесе он күннен кейін некелеспесе, я ұзақ уақыт некесіз, ер адамсыз өмір сүрсе, оған еркек жын ғашық болады. Ешкімді оған жолатпайды. Әйел адам біреумен танысса да анау ұнамайды, мынау ұнамайды деп жақтырмай тұрады. Түсіне де кіретін болады. Түсінде еркек жын сол әйелмен кәдімгідей қосылады. Сондықтан ұзақ жүріп қалмаңыздар. Ұзақ жүрген әйелдер, естеріңізге түсіріңіздер, ойланыңыздар. Сондай түстер көрмейсіздер ме? Егер солай болса, қорқу керек. Он жыл күйеуге шықпаған пациентім бар. Он жылдан кейін күйеуге тиген. Үйленгеніне 7-8 жыл болғанда, сол жын мазалап, оны күйеуіне жеккөрінішті қылып көрсеткен. Тіпті, келіншек асылып қалған. Қайта күйеуі құтқарып үлгерген. Қазір оқытылып жүр», – дейді ол.
Әсия есімді келіншек өзі косметолог. Әйелдерге бет күтімі жайында кеңес беріп, блог жүргізеді. Осыған байланысты кәсібін ашып алған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram