Желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Өлімнің бар екенін түсіндім...»: Азамат Сатыбалды жан сырын ақтарды
1,242
оқылды

Актер, тележүргізуші Азамат Сатыбалды Динара Сәтжанға берген сұхбатында марқұм ата-анасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

"Мен әкем өмірден өткен кезде өлімнің бар екенін түсіндім. Әкем маған өлмейтін адам сияқты көрінетін. Ал  анам кеткеннен кейін мен енді мен үшін ешкім Алладан тілек тілемейді деп ойладым. Анаң сияқты ешкім сен үшін көзінен жас шығып, жүрегі жарылып тілек тілемейді. Әйелің де тілемейді, бауырың да тілемейді. Ана ғана тілейді. Алла шынайы тілекті қабыл етеді. Біздің өмірде жолымыз болып, жадырап-жайнап жүруіміздің барлығы анамыздың тілегінің арқасында. Ал ана өмірден өткен кезде біраз есік жабылып қалады", – деді ол.

Желі қолданушылары бұған түрлі пікір білдірді.

"Ата-анасы өлген адамдар жартылай өлген адамдар ғой", "Өте дұрыс айтасыз", "Қателесесіз, мен жолдасым үшін шынайы дұға жасаймын", "Керісінше, әйелі үшін дұға қылатын еркекті көрмедім", "Сізді тыңдап жылап алдым", – деп жазды желі қолданушылары. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.