Марапатты Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Есен Байыров табыс етті.
Балаларды құтқарған Сәтбаев қаласының тұрғыны марапатталды
370
оқылды

Сәтбаев қаласының тұрғыны балаларды құтқарғаны үшін медальмен наградталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен Сәтбаев қаласының тұрғыны Жүрсін Тайғараев «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» ведомстволық медалімен наградталды. Награда екі баланы құтқару кезінде көрсеткен батырлығы, табандылығы және жоғары азаматтық жауапкершілігі үшін берілді.

Марапатты Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Есен Байыров табыс етті.