57 жастағы атпалдай азамат – «ЖылыойСу» мекемесінің қызметкері.
Атырау облысында жұмысшы кәріз құдығына құлап, көз жұмды
499
оқылды

Атырау облысында жұмысшы абайсызда кәріз құдығына түсіп кетіп, мерт болды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Оқиға Құлсары қаласындағы «Достық» шағынауданында болған. 57 жастағы атпалдай азамат – «ЖылыойСу» мекемесінің қызметкері. Ол жұмыс барысында сорғы стансасының аумағында жүрген.

Айта кетейік, бұл – жыл басталғалы жұмыс орнында өліммен аяқталған бесінші жағдай.

«Аталған дерек бойынша кешенді тергеу амалдары  жүргізілуде. Оқиғаның  мән-жайы  толыққанды тексерілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды», – деді ПД Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Дина Мақсотова.