Алматы қалалық Полиция департаменті Сайран көліндегі жағдайға байланысты тергеу жұмыстарын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Көлге кәмелетке толмаған екі баланың түскені анықталды. Бірі өз бетімен жағаға шықты, екіншісінің тағдыры әзірге белгісіз.
«Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Іздеу шаралары жалғасып жатыр», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Соңғы мәліметке сәйкес, көлге батып кеткен жасөспірімнің денесі судан шығарылды.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.