Бұзақыны жеткізу сәті бейнежазбаға түсірілген.
Автобуста жолаушылардың өміріне қауіп төндірген бұзақы ұсталды
Фото: polisia.kz
243
оқылды

Семейде полиция қоғамдық көлікте бұзақылық жасаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қоғамдық көлік жүргізушісіне қозғалыс кезінде қол көтерген 45 жастағы азамат анықталып, учаскелік полиция пунктіне жеткізілді. 

Бұзақыны жеткізу сәті бейнежазбаға түсірілген. Ол агрессивті мінез-құлық танытып, жолаушылардың өміріне қауіп төндірген. 

Аталған факт бойынша іс қозғалды. Материалдар сотқа жолданады. 

Полиция кез келген құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.