Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады.
Блогерлік пен камераға түсіру құқық бұзуға сылтау болмауы керек
Фото: gov.kz
752
оқылды

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде қаралым мен танымалдық үшін пранк пен экстремалды контент тарататын азаматтарға ресми үндеу жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Ведомство өкілдерінің айтуынша, «лайк пен қаралым үшін жарыс» әзіл шеңберінен шығып, агрессия, арандату және өмірге қауіпті әрекеттерге ұласуда. Блогерлердің кейбірі қоғамдық тәртіпті бұзып, зорлық-зомбылықты насихаттап, адам өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге барып жатыр.

Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын, дүрбелең туғызатын немесе зиян келтіретін, сондай-ақ адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Блогерлік пен камераға түсіру құқық бұзуға сылтау болмауы керек. Қатыгез пранктер мен қауіпті трюктер, бұл өнер емес, бұл – заңбұзушылық", – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.

Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері осындай фактілер бойынша 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.