Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікір қалдырып жатыр.
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жақында тұрмысқа шыққалы жүргенін айтты
парақшасынан алынды
1,528
оқылды

Белгілі әнші, KeшYou тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жақында тұрмысқа шығайын деп жүргенін айтты. Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. 

Қазір шетелде жүрген әнші Instagram желісінде "адамның ең шынайы сезімі – сөз айтпай-ақ, жаныңды жылытып жіберетін сәтте байқалады", – деп жаңа фотосын жариялаған.

Кейін ол дәл осы жазбасын Stories-те бөлісіп, "Алла жазса, тұрмысқа шығайын деп жүрген қыздың сөзі", – деп жазып қойған.

Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікір қалдырып, бірі әншіге бақыт тілесе, кейбірі жазбаның астарын түсінбей оған сұрақ қоюда. 

Өнер иесі осыдан бір жыл бұрын аты-жөнін өзгертіп, құжатын да ауыстырып алған. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Акбота-Нур  👑 (@akbotanurabaykyzy)