Ойынның толық бейнежазбасы «Жайдарманның» ресми YouTube арнасында жарияланады.
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Жайдарман»  ойыны өтті
314
оқылды

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен «Заңды күлкі» атты маусымдық арнайы «Жайдарман» ойыны өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Шараның басты мақсаты – жастардың назарын қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне аудару.

Сахнада еліміздің 9 өңірінен келген командалар бақ сынап, қаржы пирамидалары, интернет-алаяқтық, дроптар, қаржылық сауаттылық және тағы осы секілді өзекті тақырыптарды әзіл арқылы жеткізді.

Жуырда ойынның толық бейнежазбасы «Жайдарманның» ресми YouTube арнасында жарияланады.