Өнер иесі қазіргі күйеуі өзіне және қыздарына қамқор болып жүретінін айтты.
«Күйеуіңізді балаңыз сияқты еркелетесіз»: Алтынай Жорабаева оқырманның сынына жауап берді
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva
790
оқылды

Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі оқырманының сынына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Оқырманның бірі әншінің күйеуімен бірге түскен видеосына "Күйеуіңізді балаңыз сияқты еркелетесіз. Олай болмайды ғой" деп жазған.

"Кез келген жан күйеуін, әйелін жақсы көргенде еркелетіп жібереді ғой. Жақсы көріп, еркелеген, еркелеткен кез келген жан менімен келіседі деп ойлаймын. Әлде, олай жақсы көріп, еркелеткенді сезініп көрмегенсіз-ау", – деп жауап берді әнші. 

Өнер иесі қазіргі күйеуі өзіне және қыздарына қамқор болып жүретінін айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.