Қаржылай қолдауға 134 тұрғын ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік қолдау аясында кәсіп бастауға ниетті азаматтарға 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 1 572 800 теңгеге дейінгі гранттар қарастырылды. Жоба шеңберінде 934 өтініш қабылданып, арнайы комиссия шешімімен 134 үміткердің жобасы мақұлданды. Қазіргі таңда грант иегерлері Еңбек мобильділігі орталығымен екі жақты келісім жасасып, қаржы аудару жұмыстары жүргізілуде.
Грант иегерлерінің басым бөлігі – әлеуметтік осал санаттағы азаматтар. Атап айтқанда, қаржылай қолдау алғандардың ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 5 адам, асыраушысынан айырылғандар – 7, мүгедектігі бар, еңбекке қабілетті азаматтар – 23, көпбалалы отбасылар – 71 және мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар – 28 адам бар.