Жолаушылар тасымалы 3 шілдеден бастап орындалады.
Алматыдан Ыстықкөлге әуе рейстері ашылады
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
391
оқылды

Бүгіннен бастап Қазақстанның авиациялық нарығына Қырғызстанның әуе компаниясы – Asman Airlines кіреді. Компания Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) тұрақты тікелей жолаушы рейсін орындайды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Ал 3 шілдеден бастап қазақстандық Fly Arystan компаниясы да Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосады. Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Осылайша жазғы кезеңде Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша аптасына 4 тұрақты жолаушы рейсі орындалады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.