Құмар ойын ойнайтын немесе басқаларды тартатын әрбір адам қылмыстық тізбектің бір бөлшегі болып табылады.
11 мыңнан астам заңсыз казино мен ойын сайттарының сілтемесі бұғатталды
819
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз құмар бизнесіне қарсы жүйелі күресті жалғастыруда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Биыл жыл басынан бері:

  • 47 заңсыз құмар ойын мекемесі жойылды;
  • 200-ден астам ойын автоматтары тәркіленді;
  • 11 мыңнан астам заңсыз казино мен ойын сайттарының онлайн сілтемелері бұғатталды.

Лудомания тек қаржылық шығындарға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік салдарға да себеп болып отыр.

Құмар ойнайтын немесе басқаларды тартатын әрбір адам қылмыстық тізбектің бір бөлшегі болып табылады.