Кәсіпкер жақында дүниеге келген екі қызы әкелік сезімін оятқанын айтты.
Тұрсын Алагөзов: Баянды қазір ана ретінде танып жатырмын
Фото: әлеуметтік желі
754
оқылды

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов блогер Айсәуле Бақытбекқызына берген сұхбатында балалары, отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Кәсіпкер жақында дүниеге келген екі қызы әкелік сезімін оятқанын айтты. Сонымен қатар ол үлкен балаларын перзентханадан шығарып алуға бармағаны үшін кешірім сұрады.

"Екі кішкентай қызымызды өсіріп отырмыз. Баянды бұған дейін әйел ретінде танысам, ал қазір нағыз ана ретінде танып жатырмын. Баян біздің екі қызымызға керемет ана болатынын айтудан жалықпаймын. Ал мен Алиса мен Алма өзімді қатты өзгерткенін, өзгеше сезімге бөлегенін айтқым келеді.  Бірінші некедегі балаларымды да өсіріп, тәрбиеледім. Бірақ мен олар дүниеге келгенде арнайы перзентханаға бармадым. Қазір сол үшін қатты өкініп, ұяламын. Бірінші некедегі балаларым дүниеге келгенде, жұмыспен басқа жақта болдым ба, есімде жоқ, әйтеуір перзентханадан шығарып алмадым.  Әмина, Арсен балаларымнан осы үшін кешірім сұраймын", - деді Тұрсын Алагөзов. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.