БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «AMANAT» партиясы журналистер арасында өткізілетін дәстүрлі республикалық «AMANAT медиа сыйлығының» қорытындысын шығарды. Биыл 10 номинация бойынша 11 жеңімпаз анықталды. Жалпы, осы уақыт аралығында бұл марапатты отандық медиа саласының 150-ден астам өкілі иеленді.
Ұлт­тық медиа – халықтың үні
197
оқылды

«AMANAT» партиясы журна­лист­ер арасындағы осы республи­калық байқауды 16 жыл қатары­нан өткізіп келеді. Осы жылдар аралығында аталған іс-шара елі­міздің ақпарат саласындағы маң­ыз­ды оқиғаға айналды. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партия­сы­ның Төрағасы Ерлан Қошанов бай­қау жеңімпаздары мен бұқа­ралық ақпарат құралдарының барша өкілін алдағы кәсіби мере­келерімен құттықтады.

«Кеше ғана Мемлекет басшы­сы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барша журналистер қауым­ын құттықтап, мәртебелі мара­пат­тар тапсырды. Президентіміз ұлт­тық медиа – халықтың үні, ал жур­налист жасампаздық жаршы­сы екенін ерекше атап өтті. Расы­мен де, журналист – қоғамның ай­на­сы, шындықтың шырақшы­сы, халық­тың аманатын арқа­лаушы. Мұның бәрі бұқаралық ақпарат құралдары­ның қоғам­дағы рөлі мен алар ор­нын айқын­дайды. Сіздер – қоғам­дық пікір қалып­тастырасыздар. Сондықтан сіздер­ге деген ықылас та, ілтипат та, арт­ыла­тын сенім де жо­ға­ры», – деді ол. 

Сондай-ақ Ерлан Қошанов бүгінде «AMANAT» партиясы өз сайлауалды бағдарламасын жүзе­ге асыру аясында БАҚ-пен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқанын жеткізді. Сонымен қа­тар ол журналистердің «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қар­ыз­сыз қоғам» және өзге де партиялық жобаларды жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Оның барлығы азаматтар­дың нақты мәселелерін шешуге бағытталған.

Мәжіліс Спикері медиа сый­лық арқылы партия еліміз үшін аса маңызды мәселелерге БАҚ назарын аударатынын атап өтті. Бұл – Мемлекет басшысының реформалары, тарихи оқиғалар, партиялық жобалар. Бұл тақы­рып­тар журналистерге етене жа­қын. Биыл байқауға 3 000-ға жуық өтінім келіп түсті. Барлық жұмыстың төрттен бір бөлігі «Еңбек адамы туралы үздік ма­тер­иал» номинациясына тиесілі. Сонымен қатар биыл алғаш рет еліміздің экологиялық күн тәр­ті­біне үлес қосқан журналистер үшін Taza Qazaqstan арнайы номи­нациясы, сондай-ақ Конс­ти­ту­цияның 30 жылдығына ар­налған номинация тағайын­далды. Аймақтық жур­нал­ис­тикаға, сон­дай-ақ әлеуметтік желілерде қоғамдық пікір қалып­тастыратын блогерлерге ерекше назар аудар­ыл­ды.

Конкурстық комиссияның ше­шімі бойынша, биыл «AMANAT медиа сыйлығының» келесідей жеңімпаздары анық­талды. Олар – «Еліміздегі рефор­ма­лар туралы үздік материал» номинациясы бойынша Tengri­news.kz сайтының тілші-редак­торы Аружан Дәрібай, «Еңбек адамы туралы үздік материал» номинациясы бойынша «Қазақ­стан» РТРК» АҚ  Деректі фильм­дер дирекциясының жетекшісі Нұрбек Бекбауов, «Жастар тура­лы үздік материал» номинациясы бойынша El.kz интернет-пор­талы­ның аға тілшісі Ақмарал Саип­бек, «Аймақ туралы үздік ма­териал» номинациясы бойын­ша Qyzylorda телеарнасы бас ред­акторының орынбасары Бек­зат Есқалиев және «Сарыарқа» телеарнасының шеф-редакторы Гүлбақша Ақажанова, «Партия жұмысы туралы үздік материал» номинациясы бойынша «31 ар­на» телеарнасындағы «Информ­бюро» ақпараттық бағдарлама­сының тілшісі Сымбат Бай­жокенов, Taza Qazaqstan – экология мен қоршаған ортаны сақтау туралы үздік материал» номина­циясы бойынша Azattyq Rýhy ақпарат агенттігінің тілшісі Аягөз Құрмаш, «Заң мен тәртіп» ҚР Конституциясының 30 жылды­ғына арналған үздік материал номи­нациясы бойынша «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры­ның орынбасары Қамбар Ах­метов.

Арнайы сыйлық иегерлері – Шерхан Мұртаза және Қамал Смай­ылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы бойынша «Ха­бар» телеарнасындағы «Жеті күн» ақпараттық-сараптамалық бағ­дар­ламасының жүргізушісі Жігер Сәрсен, «Алаш аманаты» сый­лығы бойынша AIQYN газетінің бас редакторы Аманкелді Құрмет, «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» сыйлығы бойынша жур­налист әрі қоғам қайраткері Ләйлә Сұлтанқызы.

 «Алаш аманаты» арнайы номи­нациясын иеленген Аман­келді Құрметтің материалы тарихи жадыны жаңғыртуға, сақтауға және ұлттық бірегейлік тақырыбына арналды. Оның айтуынша, бұл марапат – тек бір мақала үшін емес, жалпы ұлттық құндылықтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған кәсіби қызметіне берілген жоғары баға. Ол «AMANAT» партиясы ұлттық сана қалыптастыратын маңызды тақырыптарға жүйелі түрде қолдау көрсететінін және мұндай жұмыс журналист кәсібіне терең мағына беретінін атап өтті.

Ал «Телевизия үздігі» номина­циясы бойынша жеңімпаз атанған Жігер Сәрсенбектің айтуын­ша, «AMANAT» партиясы ел мүд­десіне адалдық танытып, жур­налистердің кәсіби еңбегін бағалаудың жарқын үлгісіне айналған конкурс өткізу арқылы отандық журналистикаға көп жыл жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.