Елордада жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған қорытынды жиында үздік колледж студенттері арнайы марапаттарға ие болды. Оқу озаты атанып, түрлі ғылыми жоба мен спорттық-мәдени шарада белсенділік танытқан 17 студентке алғысхат табысталды. Сонымен қатар білім алушылардың жетістігіне жол сілтеп, шығармашылық жобалар мен ғылыми ізденістерде жетекшілік еткен оқытушылардың да еңбегі еленіп, бірқатарына құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Үздіктерге үміт артып...
214
оқылды

Шара жыл бойы атқарылған жұ­мыстардың қорытындысы ре­тін­де ұйымдастырылып, жастар­ды ынталандыру, қолдау көрсету және болашақ кәсіби бағыт-ба­ғ­да­рын айқындауға бағытталды. Қал­алық қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің түлегі Еркебұлан Махмұтов жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақ­сатында көптеген маңызды іс-ша­ра ұйымдастырылғанын атап өтті.

– Жыл бойы  түрлі байқау мен фес­тиваль өтті. Қазір біз Астана қа­­ласында өтетін халықаралық дең­­гейдегі еуропалық «Euroskills Herning 2025» байқауына дайын­дық үстіндеміз. Алматы мен Аста­на­­дан екі үміткер таңдалып, олар­­ды үлкен додаға дайындап жа­­­­­­­­тыр­мыз. Бұл – біз үшін үлкен жауа­п­кершілік әрі зор мүмкін-дік, – деді ол. 

Жиын барысында білім алу­шылар марапатталып қана қой­май, өздерінің жобаларын да та­ныс­тыру мүмкіндігіне ие болды. Астана Политехникалық жоғары кол­леджінің студенттері арнайы жо­ба аясында өздерінің дип­лом­дық жұмыстарын көпшілік на­за­ры­на ұсынды.

– Бүгін біз бұл шараға коллед­жі­міздің түлектері әзірлеген дип­лом­дық жобаны алып келдік. Бұл жоба – кез келген өнімді жасап шы­ғаратын зауыттың шағын ма­ке­ті. Оның басты ерекшелігі – өн­діріс процесі адамның ара­ласуын­сыз автоматты түрде жү­­­ре­ді. Яғни, сіз маркетплейс ар­қылы қандай да бір тауарға тапсырыс берсеңіз, бұл зауыт сіздің қалауыңызға сәйкес өнімді өздігінен жасап шығара-ды, – деді колледж директорының орынбасары Самир Керимов.

Биыл елордада Жұмысшы ма­­ман­дықтар жылы аясында ең­бек адамын дәріптеу мен қолдау бойынша бірқатар мазмұнды жоба жүзеге асты. Арнайы көрме­лер, кәсіби байқаулар, семинар­лар мен тренингтер ұйымдасты­ры­лып, студенттердің кәсіби ше­­­­берліктерін арттыруға мүмкін­дік жасалды. Жастарға арналған бұл бастамалар олардың еңбек нарығындағы әлеуетін арттырып қана қоймай, қоғамда жұмысшы ма­мандықтарға деген көзқарасты оң бағытқа өзгертуге де ықпал ету­де.

Ақбота Мұхтар, ЕНУ-дың 2-курс студенті