Желі қолданушылары оның табандылығына тәнті болып, пікірлерде спортшыға құрмет пен қолдау білдіріп жатыр.
Олимпиада чемпионы өзбек қызы Instagram-да оқырманды жылатты (видео)
1,249
оқылды

Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық дзюдошы Диёра Келдиёрова Instagram парақшасында жарысқа дейінгі ауыр дайындық сәттерін көрсеткен бейнежазбасын жариялап, жанкүйерлерін тебірентті.

Роликте спортшының жарақаттан қан-жоса болған тізесі мен шынтағы, көз жасына ерік берген сәттері және тоқтаусыз жаттығулары бейнеленген. Бұл кадрлар Олимпиада шыңына жету жолындағы үлкен күресті шынайы түрде паш етеді.

Диёра Келдиёрова видеоны «Олимпиадаға апарар жол…» деп атап, алтын медальдің артында тұрған ауыр еңбек пен жанқиярлықты көрсетті. Желі қолданушылары оның табандылығына тәнті болып, пікірлерде спортшыға құрмет пен қолдау білдіріп жатыр.