Қазақстандық боксшы 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.
Бокстан әлем кубогы: Әнел Сақыш алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
287
оқылды

Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Әнел Сақыш Астанада өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде алғашқы жекпе-жегін өткізді,  деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.

Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде германиялық Татьяна Обермайермен жұдырықтасты. 

Нәтижесінде, Әнел Сақыш үш рет қарсыласын нокдаунға жіберіп, жекпе-жектің қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтті.