Әлеуметтік желіде қайырымды істерімен танымал бетперде киген жігіт тағы бір отбасына қуаныш сыйлады, – деп жазды Aikyn.kz.
Бұл жолы ол 13 жастағы Алиманың отасына қаражат беріп, отбасына пәтер сыйлады. Жүрек дертімен ауыратын Алима анасымен және кәмелет жасына толмаған інісімен бірге жалдамалы пәтерде тұрады. Ол ота жасауға қомақты қаражат керек екенін және жүрегі кез келген уақытта тоқтап қалуы мүмкін екенін жеткізді.
«Алла қаласа, Алима Германияға барып, жүрегіне кардиодефибриллятор орнату отасына қатысады. Егер Алиманың және інісінің білім алуға деген ынтасы болса, біз оларға қай елде болмасын, ең жақсы білім алуға көмектесеміз. Анасын да қолдаймыз – қандай іс бастаса да, жанынан табыламыз», – дейді бетперделі жігіт.
Желі қолданушылары қайырымды жанға алғысын жаудырып, амандық тіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.