Әбиба әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді.
"Өте қуаныштымын": Әбиба Әбужақынова қуанышымен бөлісті
olympic.kz
1,808
оқылды

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Әбиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйға берілді. Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бүгін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғаныма Jenys клубы көлік атады. Ел мерейін үстем еткенде клубымыз да бізді әрқашан қолдап, жетістігімізге ерекше қуанып отырады. Өте қуаныштымын және Jenys клубыма ризашылығымды білдіремін", деп жазды ол.

Айта кетейік, Әбиба Абужақынова жуырда Будапештте өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған еді. Әбиба – қазақ қыздарының арасында мұндай жетістікке жеткен алғашқы дзюдошы.

Бұл жетістігінен кейін Әбиба әлемдік рейтингтегі нәтижесін жақсартып, бірден екінші орынға көтерілді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Abiba Abuzhakynova (@abiba48)