Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарымен сырласты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі әйелдерге бақытты болудың құпиясын айтты. Сонымен қатар жұрт қызу талқылап жатқан мультимиллиардер Безос пен Лоренің сезімі туралы сөз қозғады.
"Үйде отырып, тек күйеуінің, балаларының бабын жасаған жақсы әрине. Бірақ өзіңді ұмытпаған жөн. Жұмысың болып, бір іспен айналысып, білім алып, арасында қыдырып. Ақшаны өзіңе аямай, кейде ыңғайсыз болған дұрыс. Безос не себепті қазіргі әйелінің аяқ астына бүкіл әлемді төсеп беріп жатыр. Меніңше, Лорен күйеуімен қызықты сұқбаттас, сенімді серіктес, көңілді көңілдес, еркекпен жарыспайтын, жұмсақ, сезімтал, ерке бола білетін дана әйел. Ал еркекке анасындай болып жүретін әйел емес, қылықты әйел керек", - деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.