Зілтемірші, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл айналысып жүрген кәсібі барын айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына сілтеме жасап.
Айтуынша, қазір ол Шымкент қаласында сауда жасайды.
– Базарда сауда жасаймын. Ол жерде өзімнің адамдарым тұрады. Арасында өзім де барамын. Ашып алып, кетіп қалу деген жоқ қой. Басы-қасында жүріп, қарап жүруің керек. Барлық тауарды өзім тапсырыс беремін. Сатып алушылар келгенде мені танып, «Сен базарға шығып кеттің бе?» деп таңданыспен сұрайды. Онда тұрған не бар?! Мен біреудің тамағын немесе жұмысын тартып алыппын ба?
Ішіп кетсем «мал болып кетті» деп айтады. Осындай жұмыс істеп жатсаң «мынадай» деп айтасыңдар. Оларға түзу сөйлеп үйреніңіздерші деймін. Кейбір адамдар «дұрыс, жарайсың, сауда да береке бар» дейді. Менталитетіміз дұрыс емес сияқты. Ішіп-шегіп жүргенше, спортпен немесе бизнеспен айналысқан дұрыс, – дейді спортшы.